Сақтап қою Жаңалықтарға жазылу
Тіркелу
215
0
6-01-2017, 00:01

Жұрнақ пен жалғау

Астана қаласы, №57 орта мектебінің
бастауыш сынып пәнінің мұғалімі 
Жылқыбаева Батима Камариденовна
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау
Сыныбы: 2
Сабақтың мақсаты:
1.Түбір сөзге жұрнақ онан соң жалғау жалғанатының жаттығу орындау барысында меңгерту;
2.Сөз құрамын талдап оқушының зейін зердесін,ой қиялын логикалық ойлау қабілетін дамыту;
3.Сымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін,құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Дамытушылық сабақ
Қолданылатын стратегиялар:Ой шақыру,Венн диаграммасы
Көрнектілігі:Тірек сызбамен жұмыс,үн таспа,үлестірмелі сөздер 
Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру
                              Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу
                              Бір-біріне жылы сөз айту
                              II.Үй жұмысын ойын арқылы сұрау
                              Ойын«Орныңды тап»
3 қатардан 3 оқушы шағын түбір сөздерін алып өздерінің тиісті қосымшасын табады.Тез тапқан оқушы бағаланалады.
Кел,ой,мол
Келші,ойын,малшы
Әрбір оқушыдан ереже сұралынады.
1.Түбір дегеніміз не?
2.Қосымша дегеніміз не?
3.Жұрнақ дегеніміз не?
4.Жалғау дегеніміз не?
Сонымен,балалар,қосымша нешеге бөлінеді?   Екіге
                 
 
                Қосымша 


Жалғау
Жұрнақ





Мысалы: Мынау не?
                                                                           Жылқы
Жылқыны бағатын адамды кім дейді?
                                                                             Жылқышы
III.Жаңа сабақ
Балалар біз бүгінгі сабақта жаттығулар жаза отырып жұрнақ пен жалғау туралы білетінімізді әрі қарай жалғастырамыз.
1. Қызығушылықты ояту.
«Пікір алысу стратегиясы» бойынша сұрақ беру.
Балалардың жылдың неше мезгілі бар?
4 мезгілі бар.
Қазір қай мезгіл?
Қыс.
Қыста ауа райы қалай  болады?
Суық.
Қысты күні аяғымызға не киеміз?
Етік.
Етігімізді жөндегені үшін кімге рахмет айтамыз?
Етікшіге.
Тақтаға бір оқушы жазады,қалғаны орныныда орындайды.

Етікшіге
2. Мағынаны ашу
Сонымен түбір сөзге жұрнақ та жалғау да жалғанады жұрнақ бұрын,жалғау жұрнақтан соң жалғанып жазылады.
IV. Сергіту сәті
Жаз апамның аулына
Барып едім қыдырып
Жұрнақ шықты алдымнан
Жалғауменен бірігіп
Ақ маңдайлы ай ма екен 
Кеттім өзін сағынып
Жалғауым менің қайда екен
V.Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтың I09 бетін ашып 277 жаттығуды табыңдар.Берілгенін бір оқушыға оқытам.Ендігі  кезекті мақал-мәтел сайысына берейін.Кім өнер туралы тағы мақал-мәтел біледі,қане тез-тез айтып жіберейік.
VI.Үн таспаны қосам,мұқият тыңдап алайық,сосын жатқа жазамыз.
Өнерлінің қолы ортақ
Өлеңшінің сөзі алтын
Ерте болған оқушы тақтаға шығып қосымшалы сөзді талдайды.
Өнерлі сөзіне талдау жасау
Өнерлі-қолынан бір шебер келетін адамды айтады.

VII.Өздік жұмыс
I қатарға
Біз саяхат... шық...                                         тық, қа
Әже... хат жаз...                                              ме,дым
II қатарға
Тікұшақ аспан... көтеріл...                           ді,ға
Әсел... аға... мектеп...                                  сы,дің,те
III қатарға 
Біз мұражай... бара...                                   мыз,ға

VIII.Оқулықтың 111 бетін ашып 282-жаттығудың  берілгенін оқып тақтаға орындаймыз.Қалғандаы өз бетімен жазып орындайды.
IX.Сабақты қорытындылау.
Топтастыру:
Түстер ойынын ойнау

                          Ақ                                                    көк






                Жасыл                                                       Сары 

 
Ақ түс нені білдіреді? – Қысты
Сары-күз
Жасыл-жаз
Көк – көктемді білдіреді.

Есіктерін ашқанда әріптер шықты.
Қандай ақынның есімі шықты?
Абай-ұлы ақын,жазушы дұрыс айтасындар.
Абай атамыздың қандай өлеңдері бар,кәне кімнің есінде Ана тілінен жаттағанымыз бар ғой.
2-3 оқушыдан өлеңін сұрап қазір қыс екенін  ескеріп,Абайдың Қыс өлеңінің ішінен қосымшалы сөзді тауып талдаймыз.Қалғандары орнында орындайды.


Киімді,денелі,сақалды







                                     Венн диаграммасы







X.I. Бағалау





XI. Үйге:  1 қатарға 1 мақал жазуға,
                  2 қатарға 1 жұмбақ жазуға
                  3 қатарға «Қыс» 3-4 сөйлем жазу
Ішінен қосымша сөзді тауып керек сызбамен белгілеу.
скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Пікірлер:
Пікір қалдыру
Пікіріңіз:
Код:*