Сақтап қою Жаңалықтарға жазылу
Тіркелу
82
0
10-01-2017, 15:56

Қазақшаңыз қалай?

Астана қаласы

№25 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі

Бимағамбетова А.М.

Тақырыбы: «Қазақшаңыз қалай?»

Интеллектуалдық ойын сабағы.

Мақсаты:оқушылардың ой- өрісін, білім деңгейін көтеру; Отанды қорғауға, туған жерді қадірлеуге баулу, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне, әдебиетіне, өнеріне қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы:

Оқушылар 2 топқа бөлінеді.

1- тапсырма. «Қазақстан» деген сөзді естігенде қандай ассоциацияларды көз алдарыңа елестетесіңдер? Осы сөздерді жазасыздар. Әрі тез, әрі дұрыс орындаған топ жеңімпаз атанады.

Келесі байқау. «Ия, жоқ» деп аталады.

Жүргізуші өз ойын айтады, дұрыс болса, қол шапалақтайсыздар.

1. Бәйге- қазақтың ұлттық ойыны.

2.Бешбармақ- француздардың ұлттық тағамы.

3.Наурыз- шығыс қазақтарының мейрамы.

4.Хачапури- қазақтың ұлттық тағамы.

5.Илья Муромец – қазақтың батыры.

6. Масленица мейрамында орыстар бауырсақ пісіреді.

7. Түйелер тікенекті сүйсініп жейді.

8. Қымызды сиыр сүтінен жасайды.

9. Наурыз күз айында басталады.

10. Мектепте біз дұрыс жазуға, оқуға үйренеміз.

11. Әлібек Дінішев- Италияның әншісі

Келесі байқау.

«Сөздің көркі -мақал» Әр халықтың өзіне тән мақал- мәтелі болады.Қазір мен орыс халқының мақалдарын айтамын, ал сендер осыған ұқсас қазақ мақалдарын табыңдар.

1. Заставь дурака богу молиться, он и лоб расшибет.( Шаш ал десе, бас алады.)

2. Ласковое слово и кошке приятно.(Жылы, жылы сөйлесең, жылан іннен шығады.)

3.Слово не воробей, вылетит, не поймаешь.(Айтылған сөз- атылған оқпен тең.)

4. Нет дыма без огня. ( жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды)

Келесі байқау. Мақалдың алғашқы сыңары айтылады, екінші сыңарын ойынға қатысушылар айтады.

1. Кісі елінде сұлтан болғанша, .......( өз еліңде ұлтан бол.)

2. Отансыз адам- .......(ормансыз бұлбұл)

3. Туған жердей жер болмас, ....( туған елдей ел болмас)

4. Уақыт- алтыннан ....( қымбат).

5.Жердің сәні- егін, ......( ердің сәні- білім)

6. Сегіз қырлы, ............(бір сырлы)

7. Жеті жұрттың тілін біл, .........(жеті түрлі білім біл)

8.Аз сөз- (алтын)

9. Бес саусақ ........(бірдей емес)

10. Жүз сом ақшаң болғанша, ....(жүз досың болсын)

Келесі байқау.

Есімдерді аударып табу.

1. Красивая как луна-

2.Лунная душа-

3. Шелк-

4. Лучик света-

5.Торжество-

6. Ласточка-

7. Надежда-

8. Любовь-

9. Лунный свет-

10 Утренняя звезда-

11. Вольный-

12.Мужественная душа-

13. Золотоволосая-

14.Будь мужественным-

15.Гранат-

16. Гражданин-

Байқауды қорытындылау, жеңімпаздарды анықтау.

скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Пікірлер:
Пікір қалдыру
Пікіріңіз:
Код:*