Сақтап қою Жаңалықтарға жазылу
Тіркелу
141
0
11-01-2017, 19:47

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы
Ұялы негізгі мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Боштаева Гульзира Төлепбергенқызы

Тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»  

 

Сабақтың мақсаты:Сезіммен өлең өрген жыр парағы Мұқағали поэзиясына талдау жасау, ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру, поэманың тақырыбы мен идеясы композициясы туралы теориялық білім беру.

 Білімділік- сезіммен өлең өрген  жыр пырағы- Мұқағали туралы деректерді  пайдалана отырып, поэманың идеясы мен тақырыбын, көркем бейне, поэтикалық тілі туралы білімдерін кеңейту және поэма мазмұнын ұғындыру.

Дамытушылық - оқушылардың ой-өрісін, танымдық қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік  Табиғат-ананы сақтай отырып, туған жерді қадірлеуге, халқымыздың салт-дәстүрін сақтай отырып, елжандылыққа баулу. Ақын шығармаларын жатқа білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:интерактивті тақта, , Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу күйі», Слайд

 Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:ой шақыру, талдау, cұрақ-жауап, салыстыру, суреттеу, қорыту,т.б.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Пән аралық байланыс: қазақ тілі,  музыка.

 

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: (3-мин)

Сәлеметсіздер ме, балалар.

Дайынбыз ба сабаққа?

Әдебиет – сөз өнері,

Сай келейік талапқа.

Қымбатты, оқушылар, бүгінгі сабағымыз өзге сабақтардан өзгеше. Бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Ендеше ұстаздарымызбен амандасып алсақ.

Қонақтармен сәлемдесу.
Қонақ күту-салтымыз,
Оқып-біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге, 
Сәлем бердік жалпымыз

Жақсы, қазір мына суреттердегі бұлттарға назар аударыңдар. Сендерге қай бұлт ұнайды?

1 бұлт-көк түсті, жайбарақат қалыпта.

2 бұлт- ашық көгілдір, көзі күлімсіреп тұр.

3 бұлт- қара көк, ашулы.

Өздеріне ұнаған бұлтты көрсеткенде, балалар шапалақтайды (3 рет)

-Балалар, барлықтарыңның көңіл -күйлерін жақсы екен

 

II Үй тапсырмасын сұрау(5-мин)

Бар ма үйден дайындық,

Тапсырмаңыз дұрыс па?

Оқымасаң, уайым қып.

Тығылмаңыз қуысқа

 Ойымызды айтайық.

Білімімізді байқайық.

Мына отырған ұстаздар,

 Қалсын бір сәт марқайып.

Балалар 9-ақпан кімнің туған күні еді?  Бүгінгі сабақта өздеріңмен өмірге іңкәр, өмірді жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын жайлы айтатын нәрсе көп. Бізге туған күніне орай келіп тұрған тақырып М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
Алдыңғы күні сабақта мазмұнымен таныстық

«Киностудия» ойыны.

Шарты: Оқушылар қорапшадан поэманың желісі бойынша алдын-ала салынған суреттердің біреуін таңдап алады.  Сол суретке тақырып қоя отырып, сурет бойынша мазмұнынын айтады. (Берілетін суреттер поэманың үш бөлімі бойынша салынған).

Мұғалім:

Өте жақсы балалар, сендер биыл туғанына 85 жыл толғалы отырған ақиық ақын-Мұқағали аталарыңның ақындық құдіретіне бүгін тағы да көз жеткіздіңдер.

  Мұқағали Мақатаев – ешқашан ортаймайтын, ешқашан сөнбейтін мол қазына қалдырған ақынның  өз даусын тыңдасақ Видео  өз дауысы  (1-мин)

Мұғалім сөзі:Біз Мұқағали ақынды – поэзия патшасы десек, ендеше, поэзия патшалығына сапар шегіп көрейік. Міне, патшалықтың алтын қақпасы ашылды. «Аққулар ұйықтағанда» сарайының кілті өз қолдарыңда. Қазіргі сәттен бастап осы сарайдың сырына үңіліп көрейікші. (1-мин)

 

        Ақын поэмасына  арқау болған тақырып не?

 

III Аққу, қызыл кітап

Балалар, мына суретке көңіл бөлсек Аққу құсы туралы не білеміз қандай құстардың тобына жатады? Екі суреттің қандай байланысы бар?(қызыл кітапқа енген  сұңқылдақ аққу,сыбырлақ аққу,кіші аққу)

Олай болса,құрметті оқушылар! Мұқағали ақын кейінгі ұрпаққа аманат етіп кеткен,өсиетін ескере отырып поэманы талдасақ.

-Поэма дегеніміз не? Оқушылар әдебиет теориясынан алған білімдерін ортаға салады.

 

IV Композициялық талдау  (3-мин)                
Оқиғаның басталуы: 
Жетімкөлдің тамаша сұлу табиғаты.
Оқиғаның байланысуы: ауру бала мен ананың шарасыздығы.
Оқиғаның дамуы: Тәуіп шалдың айтқаны.
Оқиғаның шиеленісуі: ананың көлге келуі.
Оқиғаның шарықтау шегі: Ананың аққуды атуы.
Оқиғаның шешімі: бала өлімі

 

скачать dle 10.5фильмы бесплатно

Пікірлер:
Пікір қалдыру
Пікіріңіз:
Код:*