Сақтап қою Жаңалықтарға жазылу
Тіркелу
176
0
8-01-2017, 22:12

Чехия Республикасы

Атырау облысы
Махамбет ауданы
Сарытоғай Қ.Қалыбеков орта мектебінің география пәні мұғалімі Жұмабаева Бағдат Жұмабайқызы

Сыныбы: 11 б
Сабақтың тақырыбы: Чехия Республикасы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға Шығыс Еуропа елдерінің орталығында орналасқан Чехия Республикасымен таныстыру және аумақтық құрамы мен ЭГЖ, мемлекеттік құрылымы, халқы, шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары жөнінде мағлұмат беру;
2.Дамытушылық: Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту;
3.Тәрбиелік: Географиялық мәдениетке, өз Отанын мақтан етуге, жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Дж саяси картасы, атлас карта, оқулық, үлестірмелі парақшалар
Әдіс-тәсілі: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, постер қорғау.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, көңіл-күйлерін сұрау, түгендеу, сабаққа назарларын аудару. Топқа бөлу және топ басшыларын сайлау,топ басшыларына бағалау парақшасын тарату.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1 топ мүшелеріне сұрақ:
Шығыс Еуропа елдері атом энергетикасын кеңінен қолдануда, ірі АЭС орталықтарын ата?
Пакш (Венгрия), Козлоду (Болгария), Трнава ( Словакия), Темір қақпа ( Румыния мен Югославия бірлесіп жасаған)
2 топ мүшелеріне сұрақ:
Қай жылы Эстония, Литва, Латвия елдері өз тәуелсіздігін қай жылы алды (1991 ж) және Чехословакия Чехия және Словакия Республикаларына қай жылы бөлінді? (1993 ж)
Қызығушылықты ояту:
Жалпы Еуропа елдерін атаймын, аталған елдердің астаналарын табыңыздар ( 2 топқа)
1. Нидерланд ( Амстердам)
2. Испания (Мадрид)
3. Болгария ( Софья)
4. Латвия ( Рига)
5. Дания (Копенгаген)
6. Норвегия (Осло)
7. Италия (Рим)
8. Польша (Варшава)
9. Германия (Берлин)
10. Исландия (Рейкявик)
ІІІ. Жаңа сабақ меңгерту:
Жерінің ауданы – 78,9 мың км2
Халқы – 10,5 млн адам (2014)
Астанасы – Прага
Мемлекеттің құрылымы – парламенттік республика
Мемлекет басшысы- президент
Үкімет басшысы – премьер министр
Заң шығарушы органы – парламент
Мемлекеттік тілі- чех тілі
Ақша бірлігі – чех кронасы
Еуропаның дәл ортасында орналасқан қала. Солтүстігінде Польшамен, шығысында Словакиямен, Оңтүстігінде Австриямен, батысында Германиямен шектеседі.Үш тарихи географиялық аймаққа бөлінеді:Чехия, Моравия, Силезия, орталықтары Прага, Брно, Острава қалалары.ЭГЖ ең басты ерекшелігі – Еуропаның орталығында орналасқан және Пльзень қаласында жақын жерде «Еуропаның орталығы» деген жазуы бар гранитті ескерткіш орнатылған. Теңізге тура шыға алмауына байланысты, шаруашылықты дамытуда біраз қолайсыздықтар тудырады.
2 топқа ортақ сұрақ: Атластағы физикалық карта бойынша Чехияның теңізге шығуға мүмкіндік беретін өзендерді атаңдар. Ол өзендер сағаларында қандай ірі порттар орналасан?
Мемлекеттік құрылымы. Чехия 1918 жылға дейін тәуелсіздігінен айырылғын, осы жылы Австро-Венгрия ыдырағаннан кейін Прагадағы Ұлттық Кеңес құрамы Чехия мен Словакиядан тұратын жаңа мемлекеттің құрылғанын жариялады. Тек 1993 жылы 1 аңтарда федерациялық жиын шешімі бойынша Чехия жеке егеменді ел болып, ал Словакия бейбіт жолмен бөлінді. (Чехословакия БҰҰ-ға 1945 жылдан мүше) Чехия 1993 жылдан бастап БҰҰ-ға мүше, ЕО-ға 2004 жылдан бастап мүше.
Топтық жұмыс. Графикалық түрде қағаз бетіне постер түсіру және оны қорғау.
1 топқа: Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
2 топқа: Шаруашылығы мен сыртқы экономикалық байланыстары.
Әр топ өздеріне берілген тақырыпты қорғап шығады.
ІV. Жаңа сабақты бекіту:
1.Атластан Чехиямен шекаралас жатқан мемлекеттерді анықта.
2. Чехия шаруашылығының халықаралық маманданған салаларын анықта.
3. Атластағы карталар бойынша Чехияның үлкен қалаларын табыңыздар.
4. Чехияның туристер көп баратын жері? (астанасы Прага қаласы)
5. Елдің сыртқы экономикалық байланыстағы сауда әріптестері? (Германия, Словакия, Австрия, Ресей)
6. Елдің ірі өзендері? (Эльба немесе Лаба және оның саласы батысы арқылы Влтава , шығысы арқылы Морава өзені)
V. Қорытындылау.
VI. Бағалау: әр топ басшысы тобында сабаққа атсалысқан топ мүшелерін бағалайды және топ басшысын мұғалім бағалайды.
Кері байланыс. Дәмхана парақшасын әрбір оқушыға үлестіру.
Бүгін _____________________________ не дәмді болды?
_____________________________ не дәмсіз болды?
Келесі мәзірге _____________________ не тапсырыс бересіз?
VII. Үйге тапсырма беру: Чехия жеріндегі маңызды туристік объектілерді анықтап, оларға қысқаша хабарлама дайындау.
скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Пікірлер:
Пікір қалдыру
Пікіріңіз:
Код:*