Бейінді оқыту-жаратылыстану-математика пәндері бойынша ҰБТ-ге дайындау үрдісінде мектеп түлектерінің құзыреттіліктерін қалыптастыру шарты ретінде.

Бейінді оқыту-жаратылыстану-математика пәндері бойынша ҰБТ-ге дайындау үрдісінде мектеп түлектерінің құзыреттіліктерін қалыптастыру шарты ретінде.

Карманова Гүлбақыт Айтбаевна

БҚО, Теректі ауданы,

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерін дамыту тұжырымдамасында үш сатыдан тұратын жалпы білім беретін мектептің құрылымы анықталған. Соның жоғары сатысы аяқталған базалық білімнен тұратын негізгі сатыдан кейінгі бейінді білім беру болып табылады. Осы берілген құрылым оқушылардың жеке оқу траекториясын таңдауы мен жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ете отырып, білім беруді ізгілендіру, саралау идеяларын және базистік оқу жоспарындағы өзгермелі бөлікті жүзеге асырады. Осындай тұжырымдамалық- нормативтік құжаттарға сүйене отырып, 2006 жылғы оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін мектептің 10- сыныптарында бейінді оқыту енгізіле бастады.

Толық оқу
  • қарау саны: 4
  • пікірлер: (0)

Ұстаздардың кәсіби шеберліктері

Тақырыбы: Ұстаздардың кәсіби шеберліктері

Мақсаты: Педагогтардың өзіндік бағалауларын арттыруға, кәсіби шеберліктерін шыңдау.

Қажетті материалдар: карточкалар үлестірмелі, түлкішек өлеңінің сөзі

Тренинг барысы:

1-жаттығу. Амандасу рәсімі.

Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар бүгін сіздермен бірлесіп жұмыс істегелі отырғаныма өте қуаныштымын. Біздің тренингіміздің тақырыбы Ұстаздардың кәсіби шеберліктері.

Бағанадан сабақтарды көрдіңіздер енді өзімізді байқап көрелік.

Ең бірінші тренигтік есімімізді жазып кеудемізге тағып алайық

 

2-жаттығу. Танысу

«Жарнама» өзінің жұбын тауып алады да бір бірімен әңгімелеседі, сосын топқа өз жұбын жарнамалайды яғни таныстырады.

Толық оқу
  • қарау саны: 8
  • пікірлер: (0)

Оқушылардың құзіреттіліктері мен субъектілік белсенділігін инновациялық технологиялар арқылы дамыту

Оқушылардың құзіреттіліктері мен субъектілік белсенділігін инновациялық технологиялар арқылы дамытуОқушылардың құзіреттіліктері мен субъектілік белсенділігін инновациялық технологиялар арқылы дамыту

Мустафаева Толкын Сейсенбековна,

«Қарабұйрат орта мектеп -бақша» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі,

ШҚО Үржар ауданы Қарабұйрат ауылы

 

 

 

Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның дамуын басқару қажеттігі айқындалып отыр. Оқыту мен оқу әрекетінің бір - бірімен тығыз байланыста болып, баланың ақыл-ойының дамуында зор рөл атқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында ақыл - ойдың интеллектінің дамуы, «оқи алуға үйрену» бүгінгі күннің басты талабы. Оқытудың белсенді әдістерін зерттеуші ғалымдар бүгінде оны бірнеше топқа жіктейді. Оқытудағы тұлға белсенділігін арттырудың маңызды құралы болып оқытудың белсенді әдістері саналады Оқытудың белсенді әдістерін оқушылардың өзін - өзі басқару тәрбиесін жинақтауына әсерін тигізеді.

Толық оқу
  • қарау саны: 19
  • пікірлер: (0)

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ- САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ- САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономика
лық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген болатын.
Осы тапсырманың негізінде маусым айында Үкіметтің 25 маусым 2012 жылы №832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген.
Толық оқу
  • қарау саны: 115
  • пікірлер: (0)

Аман болсын Елбасымыз елі үшін!

Аман болсын Елбасымыз елі үшін!

Елмен бірге көп қиындық өткерген

Бірлік үшін ел мен жерді көп көрген.

Өмірі мәнді, рухы мықты болсын деп

Қараңғыны жарық қылсам деп келген.

Дара тұлға мақсаты айқын, көздеген

Көп ұлттардың басын қосқан жүздеген.

Тату-тәтті, іргелі ел, бейбіт жер

Бізде ғана қарыштап өскен ізбенен.

Теңдесі жоқ көшбасшы болған бұл күнде

Абайдай болып танылған барша әлемге.

Көрегенділік, парасаттылық бойында

Ғасырына бір туылар, өр кеуде.

Толық оқу
  • қарау саны: 59
  • пікірлер: (0)

«Өнер алды - қызыл тіл»

Тақырыбы: «Өнер алды - қызыл тіл» интеллектуалдық сайыс

Мақсаты мен міндеттері:

1. Тәрбиеленушілердің зияткерлік білімдерін шыңдау;

2. Тәрбиеленушілердің қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру;

3. Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.

Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.

Түрі: интеллектуалдық сайыс

Сабақтың барысы:

Ботакөз:

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте

Әсел: Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.

Ботакөз: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен орталығымыздың тәрбиеленушілері! Бүгінгі «Өнер алды - қызыл тіл» атты интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Ботакөз: Олай болса, сайысқа қатысушы топтармен таныс болыңыздар!

І топ – «Алғырлар»

Толық оқу
  • қарау саны: 74
  • пікірлер: (0)

«Учитель – мое призвание»

«Учитель – мое призвание»
Эссе
Карагандинский область Бухаржырауский район
КММ «Уштобинская средняя школа»
Преподаватель начальных классов
Омирбаева Майгуль Рымбековна


Я – учитель. Считаю, что учитель – это даже не профессия, а образ жизни. Я живу тем, что каждый день иду в школу для того, чтобы научить, помочь найти себя в этом сложном мире каждому ребенку. Я стараюсь быть доброй и строгой, открытой и понимающей.
Быть учителем – это быть для своих учеников опорой. Находить позитивное в любой ситуации, передавать этот заряд оптимизма своим ученикам. Увлекать, окрылять, вдохновлять детей, учить противостоять трудностям и побеждать. Но и этого недостаточно. Необходимо проявить терпение в ожидании результатов своих педагогических усилий, оставаться оптимистом даже в сложных обстоятельствах и не растерять человеческие качества на тернистом учительском пути.
Толық оқу
  • қарау саны: 20
  • пікірлер: (0)

Адамгершілік – асыл қасиет.

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы.

Саумалкөл қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Еримжанова Сагынай Оразалиновна

Адамгершілік – асыл қасиет.

Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Түрі: тәрбие сағаты

Көрнекілігі: интерактивті тақтадағы көрнекі материалдар, үлестірмелі материалдар, суреттер, аудио, видео материалдар.

Барысы: Мұғалім:

- Тақтаға күннің көзі ілінген. Бірақ оның бетін бұлт жасырып тұр. Күн бұлтты болғанда біздің көңіл-күйіміз қандай болады?

Олай болса, бұлттарды сейілтейік. Бұлт өздігінен сейілмейді. Кемпірқосақта берілген тапсырмаларды орындауға дайынбыз ба?

1-тапсырма: күнді маңайыңдағыларға жылы сөз айтудан баста. Оқушылар ортаға шығып «шаттық шеңберін» орындайды. Одан кейін оларға сурет бөліктерін үлестіріп беремін. Сурет бөліктерін біріктіру арқылы 3 топқа бөлінеді.

Толық оқу
  • қарау саны: 80
  • пікірлер: (0)

«Мәңгілік ел, ата- бабамыздың арманы»

«Мәңгілік ел, ата- бабамыздың арманы»

Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз.

Біз үшін Тәуелсіздік күні –ең қастерлі күн.

Сондықтан осындай маңызды іс-шараларға

№218 орта мектеп оқушылары да белсене ат салысып келеді.

 

«Ұлы Дала Елі –Тәуелсіздіктің 25 негізі» тақырыбында Тәуелсіздіктің 25 негізіне арналған іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді.Осы жоспар барысында 5-сынып жетекшісі Азнабаева Жадыра мен 9-сынып жетекшісі Дастанбекова Жанар шаңырақ қауымдастығы аясында 5,9 сынып оқушыларының бірлескен «Мәңгілік ел, ата- бабамыздың арманы» тақырыбында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатын өткізді. Кеш барысында оқушылар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздіктің алатын орнының зор еңбек пен сындарлы саясатының арқасы екенін түсінді. Оқушылар еліміздің Тәуелсіздік алғаннан 

Толық оқу
  • қарау саны: 101
  • пікірлер: (0)

«Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан»

ШҚО Жарма ауданы Шуақ ауылы

«№21 кешкі мектебі» КММ

Тарих пәнінің мұғалімі Г.Манабаева

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан»

Мақсаты:Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді, осы Тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен өмірден өткендіктерін жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:фотолар, шарлар, түрлі жайма қағаздар, АКТ

Кіріспе сөз:Құрметті ұстаздар,оқушылар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген, Тәуелсіздік туын ең алғаш көтергенәйгілі1986жылдың желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Толық оқу
  • қарау саны: 53
  • пікірлер: (0)