Бақытымды тапқан мамандығым – ұстаздық

Эссе

Бақытымды тапқан мамандығым – ұстаздық

Бірнеше жыл бұрын мектеп бітіріп, алтын ұямен қоштасу сәті келген кезде сыныбымның оқушыларын « егер жұмысқа қуанышпен барып, үйіңе қуанышпен қайтсаң, сол нағыз бақыт екенін есте ұстаңдар»,- деп қимай шығарып салған едім. Ал өзім, ойлана қарасам, бақыттымын. Өйткені мамандық таңдауда күмандану, қиналу болған жоқ, біреудің жол сілтеуін күткен жоқпын. Бастауыш сыныптан-ақ өзімді осы мамандық иесі ретінде елестететінмін. Осылайша университетті бітірген соң туған жеріме келдім. Аудандағы қара шаңырақ М.Әуезов мектебінде еңбек жолымды бастадым. Бұл еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі қиынықтарға толы жылдар еді. Сол сәтті еске алсам, таныс емес әріптестер, оқушылар, күңгірт дәліздер, суық та жұпыны кабинеттер менде жұмысқа деген үлкен құлшыныс тудырды деп айта алмаймын. Өзіммен қатарлас жоғары оқу орнын аяқтаған құрбыларымның көпшілігі басқа мамандыққа бет бұрып жатты. Мен осы мамандықта қалуды шештім. Иә, қиындықтар болды. Мұғалім шеберлігінің тәжірибемен, үздіксіз ізденіспен 
Толық оқу
  • қарау саны: 289
  • пікірлер: (0)